«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

#Біздің_қызметкерлер_біздің_құндылығымыз айдарын жалғастырамыз.

Аягөз ауданының 95 жылдығына орай 27 қыркүйекте Аягөз қаласында дәстүрлі садақ атудан "Ер Еспенбет Адақ" атындағы турнир өтті.
"Жамбы" нысаны бойынша әйелдер арасында бірінші орынды біздің қызметкеріміз- Маденова Мадина Нығыметханқызы жеңіп алып, дипломмен, медальмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, "Қалқан" нысаны бойынша екінші орынға ие болды.
Мадина Нығыметханқызы Облыстық қан орталығында инфекцияны диагностикалау зертханасының фельдшер-зертханашысы болып қызмет атқарады. Садақ атумен бір жылға жуық айналысып келеді және өз деңгейін одан әрі көтеруді жоспарлап отыр.
Мадина Нығыметханқызын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Біз осымен тоқтап қалмауды, өсуді, дамуды және жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз. Біз қызметкерлеріміздің жетістіктеріне өте қуаныштымыз және мақтан тұтамыз.

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика