Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Бүгін Біздің қызметкерлер айдарында -инфекция диагностикалау зертханасының аға фельдшер-зертханашысы-Кметь Лариса Васильевна.

Бүгін Біздің_қызметкерлер айдарында -инфекция диагностикалау зертханасының аға фельдшер-зертханашысы-Кметь Лариса Васильевна.
Лариса Васильевна 1985 жылы Рубцовск медициналық училищесін бітіріп, 1989 жылдан бастап Семей қаласының қан құю станциясында еңбек жолын бастады. Оның жалпы жұмыс өтілі-37 жыл, ал қан қызметіндегі жұмыс өтілі-34 жылды құрайды.
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Лариса Васильевна инфекция диагностикалау зертханасының аға фельдшер-зертханашысы қызметін атқарады, жоғары біліктілік санатына ие.
Көптеген жылдар бойы Лариса Васильевна- зертхананың жас мамандарына тәлімгерлік жасады, өте жауапты, сауатты өз ісінің маманы.
2023 жылдың желтоқсанында Лариса Васильевна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар,
жұмыс істеген жылдарда көптеген грамоталар мен марапаттарға ие болды:
- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғысы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл” медалі.
Біз жоғары деңгейлі мықты мамандармен жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз! Біздің кәсіпорынның үйлесімді жұмысы бұл- қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Біз бірге- күшпіз!

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика