Бүгін "Біздің донорлар" (бір әулеттен шыққан) айдарында бір отбасындағы тұрақты донорларымыз, анасы мен ұлы - Айқан Оразханқызы Жақыпова және Асқар Аманболұлы Жақыпов.
Асқар Аманболұлы өзінің донорлық жолын 2019 жылы бастаған және 5 жыл бойы қан мен оның компоненттерінің доноры болып келеді. Қазіргі уақытта оның есебінде 12 донация бар - бұл толық қан және тромбоциттер донациясы. 2024 жылдың 15 қаңтарында ол Гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының тіркеліміне кірді.
Асқар Аманболұлы-өте позитивті, жақсы көңіл-күйде жүретін адам және әрқашан қан мен оның компоненттерін үлкен ерік-жігермен тапсырады.
"Мен үнемі қан тапсырамын. Процедура көп уақытты қажет етпейді. Мен қанға мұқтаж және жағдайы ауыр адамдарға көмектесе алатыныма қуаныштымын. Қан тапсырғаннан (донациядан) кейін мен өзімді керемет сезінемін. Көптеген адамдар донорлық ағза тәуелділігін тудырады деп ойлайды, бірақ олай емес. Донорлық сау адамның ағзасына зиян тигізбейді, қан тапсыру тәуелділікті тудырмайды. Мен барлық достарыма және таныстарыма қан мен оның компоненттерін тапсыруды ұсынамын", - дейді Асқар Аманболұлы.
Оның анасы Айқан Оразханқызы 2020 жылдан бастап қан тапсырады, бүгінгі күнге дейін 3 рет қан донациясын жасады. Ол кісіге қан тапсыруға ұлы кеңес берген екен.
Айқан Оразханқызы мен Асқар Аманболұлына үлкен жауапкершілік танытып, игі іс көрсете білгендері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Донорларымызға зор денсаулық, сәттілік, және айналасы мейірімді адамдарға толуын, отбасылық бақыт тілейміз!