Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

17-23 қаңтар аралығында Абай облысы ДСБ Облыстық қан орталығында осы мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің 2023жылғы жылдық қортынды есептері бойынша жоспарлы кеңес өтті.

17-23 қаңтар аралығында Абай облысы ДСБ Облыстық қан орталығында осы мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің 2023жылғы жылдық қортынды есептері бойынша жоспарлы кеңес өтті.
2023 жылғы оперативті жоспардың орындалуы негізінде қызметкерлердің атқарылған жұмысы туралы қорытынды есептері тыңдалды, өткен жылдың кейбір мәселелері мен жетістіктері талқыланды. Ұжымның жемісті және үйлесімді жұмысының арқасында үлкен жұмыс көлемі орындалды, қала мен облыстың медициналық ұйымдарын қанның сапалы компоненттерімен үздіксіз қамту қамтамасыз етілді, үгіт-насихат жүргізу қызметінің бағытында көптеген жұмыстар атқарылды, донорлық акциялар өткізу жоспары мөлшерден асып, артығымен еселене түсті. 2023 жылы ОҚО жұмысында негізгі қауіптер анықталды, олармен күресу үшін барлық қажетті іс-шаралар әзірленіп, орындалады. Жылдың ең басты жетістігі -ұлттық аккредиттеуден өтіп, біздің қан орталығымыз 1 (бірінші) біліктілік санатына ие болды.
Жоспарлы кеңестің қорытындысы бойынша медициналық қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған 2024 жылға арналған жаңа мақсаттар мен міндеттер айқындалды.

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика