Атап айтқанда, "Қан донорлығы туралы", "Гемопоэтикалық дің жасушаларының донорлығы" туралы дәрістер оқылды. Дәріс барысында қан, оның компоненттері мен гемопоэтикалық дің жасушаларының донорлығына айқын көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер, донорларға берілетін кепілдіктер, қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т. б. мағлұматтар айтылды. Болашақ донорлар (бірінші курс студенттері біздің қатарымызды толықтырады деп сенеміз!) оқылған материалды мұқият тыңдады, қазіргі медицинада донорлықтың маңыздылығына жанды жауап көрінді. Дәріс соңында тыңдаушылар сұрақтар қойып, оларға жауап алуға мүмкіндік алды.
"СМУ" КЕАҚ студенттері көптеген жылдар бойы қан мен оның компоненттерінің донорлығына белсене қатысып келеді. Біз "Студент донор" ұйымына ынтымақтастық танытқандары үшін алғыс айтамыз. Бірлесе атқарқан жұмысымыздың жалғасы жемісті болады деген үміттеміз! Рақмет!