«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

Темекі шегу - денсаулыққа зиян келтіру!

2024 жылғы 3 маусымда Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орайластырылған салауатты өмір салтын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде қызметкерлерге “Темекі шегу - денсаулыққа зиян келтіру!” тәлімдемесі өткізілді.
Биыл Дүниежүзілік темекісіз күн ұраны “ Темекі өнеркәсібінің араласуынан балаларды қорғау” делінген. Балалар мен жасөспірімдер оңай әрі жиі еліктейді. Халық айтқандай, “Жаман әдет жұқпалы”. Тек заңнамалық деңгейде енгізілген шаралар жастарды темекі тұтынудан толықтай шектей алады. Біздің елімізде бұл: ақпараттық кампаниялар, темекі өнімдерін сатуды 21 жылға дейін шектеу, сатуға тыйым салу, темекі шекпейтін темекі өнімдерін, вайпарды, хош иістер мен сұйықтықтарды тарату, сондай-ақ оларды жарнамалау және басқа да маңызды іс-шараларға тиым салу. Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК темекі шегуге қарсы күрес бастамасын толығымен қолдайды. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!
#Абайоблысықанорталығы
#темекішекпеу

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика