Салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 6 маусымда Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК-да "Көңілді старттар"спорттық эстафетасы өтті.
Жарысқа қан орталығының әртүрлі бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Эстафета барысында қатысушыларға күш-жігер, төзімділік, ептілік танытуға мүмкіндік беретін жарыстар ұсынылды. Көңілді, позитивті және сауықтыруға бағытталды! Жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларға әдемі кәдесыйлар табысталды.
Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды тәжірибеге белсенді түрде енгізуде. Біз пайдалы әдеттерге "Ия" дейміз! Біздер салауатты өмір үшін!
#Абайоблысықан орталығы
#Көңілді старт
#СӨС