Жаримбетов Азамат Сембиевич - Абай обласындағы гемопоэтикалық дің жасушаларының (сүйек кемігінің) алғашқы доноры.
Кім сүйек кемігінің доноры бола алады?
Кез келген дені сау адам:
- 18 бен 45 жасқа дейін
- салмағы 50 кг-нан жоғары
- ауыр дерттері жоқ.
Сүйек кемігі донорларының тіркеліміне қалай кіруге болады?
Өзіңіздің қалаңыздағы Қан орталығына бару;
Сауалнаманы толтыру (ақпараттандырылған келісім);
Типтеу талдауын жүргізу үшін тамырдан 1 пробирка (6-9 мл) қан тапсырыңыз;
Донор сүйек кемігі донорларының тіркелімінің дерекқорында болады, егер донор мен пациент арасындағы фенотиптер сәйкес келсе, тіркелім міндетті түрде донормен байланысады!
Толығырақ ақпаратты парақшасынан таба аласыздар.
Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3