«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

2024 жылғы 27 тамызда Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да террористік тұрғыдан қорғалу бойынша нұсқамалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2024 жылғы 27 тамызда Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлерге терроризмге қарсы қорғалу бойынша нұсқамалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қан орталығының жеке құрамы «Жарылғыш затқа ұқсас зат табылған кезде халыққа хабарлау» құжатымен танысты. Бұл ретте оқу-жаттығу барысында жарылғыш заттарды бүркемелеудің түрлі нұсқалары айтылды. Терроризмге қарсы комиссияның мүшесі болып табылатын, осы орталықтың қызметкері мұндай заттарды анықтау кезінде әрекет ету алгоритмін көрсетті, оның ішінде табылған затқа жауапты тұлғаларды хабардар ету, эвакуациялау жоспары және т.б.
Қызметкерлер тренингке басым назар аударды, өйткені донорлардың, келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК негізгі басым құндылықтарының бірі болып табылады.
#Абайоблысыоблыстыққанорталығы

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика