Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл Ережелері...

2024 жылғы 17 қыркүйекте Абай облысы әкімі Н.Т. Ұранхаевтың бұйрығымен бекітілген «Халықты жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетке үйрету бойынша ақпараттық-насихаттық іс-шараларды өткізу жоспарының» 4-тармағын іске асыру шеңберінде Абай облысы ДСБ “Облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК-да сейсмикалық дайындық өткізілді.
Сейсмикалық оқу-жаттығу барысында жер сілкінісі қаупі кезіндегі іс-қимыл тәртібі пысықталды.
Қызметкерлер «Дабыл чемоданын» жинауды қайталап, нұсқауларға сәйкес қабат-қабаттарда эвакуациялауды жүргізді. Бұл ретте қауіпсіз жерлерде (ішкі қабырға жанында, бұрышта, ішкі қабырға саңылауында немесе көтергіш тіректерде, үстел астында) бас сауғалау қажеттілігі ескерілді. Қабылдау пунктіне келгеннен кейін бөлімге жауапты қызметкерлер түгендеу жұмыстарын жүргізді.
#Абайоблысықанорталығы
#сейсмикалықжаттығулар
#жерсілкінісі

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика