Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

2024 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы қан қызметінің 90 жылдығына орай Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" мекемесінің ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, марапатталды.

Жоғары кәсіби шеберліктері, атқарған адал еңбектері үшін және қан донорлығын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін олар әртүрлі марапаттарға ие болды.
Көптеген жылдар бойы донорлық кадрларды жинақтау бөлімшесін басқарған қан қызметінің ардагері - Зарва Наталья Ивановна "Еңбек Ардагері"медалімен марапатталды. Ол 1995 жылдан 2020 жылға дейін Семей қаласының қан орталығының дәрігері болып жұмыс істеді, ақысыз донорлықты ұйымдастыруға және донорлар мен донор болуға сәйкес келмейтін адамдардың бірыңғай ақпараттық базасын құруға үлкен үлес қосты.
Семей қаласының қан орталығының қан қызметінің ардагерлері фельдшер-зертханашы Меньшикова Валентина Николаевна (жұмыс өтілі 32 жыл) мен дәрігер зертханашы Ярмухаметова Зульфия Хатыповна (жұмыс өтілі 27 жыл), "Қазақстан Республикасы қан қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен марапатталды.
Сондай төс белгілермен тағы келесі қызметкерлер марапатталды:
- Алкенова Төлеуғайша Нұрланқызы - 2013 жылдан бастап қан орталығында қызмет атқарып келе жатқан қан және қан компоненттерін дайындау бөлімшесінің аға медбикесі. Оның кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі мен жинақылығы жалпыға ортақ құрметке ие болды.
- Жұмаханова Нұргүл Тілеуғажықызы - 2010 жылдан бастап қан және қан компоненттерін дайындау бөлімінің медбикесі. Оның кәсіби шеберлігі мен ізгі ниетін донорлар да, әріптестері де құрметтейді.
- Мұсанова Гүлнара Тоқтарханқызы - 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Облыстық қан орталығының фармацевті. Ол өз кәсібіне адал және қан орталығының қызметіне қосқан үлесі үшін құрметті марапатқа лайықты.

 

 

 

 

 

 

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика