«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню

2024 жылғы 23 қазанда Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК қызметкерлері үшін бекітілген жоспар шеңберінде «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша негізгі НҚА.

Қазақстан Республикасындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай. Клиникалық симптомдар және қауіпті мінез-құлық» атты семинар өтті. Спикерлер Абай облысы ДСБ "АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталығы" ШЖҚ КМК қызметкерлері: емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Н.Р. Мамырбекова және ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Д. Д. Тукеева болды.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясының барына-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидалары, еліміздегі АИТВ-инфекциясы бойынша статистикалық деректер және АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы басқа да маңызды мәселелер айтылды. Спикерлер қан тапсырар алдында донорды мұқият жинау мен тексерудің маңыздылығын атап өтті. Баяндамалардың бірі аурудың әртүрлі кезеңдеріндегі АИТВ-инфекциясының клиникалық белгілеріне арналды. Төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер алгоритмі қайталанды. Абай
Облысы ДСБ" Облыстық қан орталығы " ШЖҚ КМК әріптестеріне қызықты баяндамалары үшін алғыс білдіреді. Біз донорлық қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АИТВ-ның алдын алу саласындағы жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға қуаныштымыз.

 

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика