2024 ж. 30 қазан күні Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да көп жылдық атқарған адал еңбектері үшін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі Республика күніне орай ұйымдастырылды. Осы шараның аясында Облыстық қан орталығының қызметкерлері төмендегі марапаттарға ие болды:
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен қан және қан компоненттерін дайындау бөлімінің аға медбикесі- Төлеуғайша Нұрланқызы Алкенова;
- Денсаулық сақтау министрінен "Құрмет грамотасымен" сапа бақылау бөлімінің фельдшер-зертханашы - Гүлнар Қайсақызы Нығызбаева марапатталды;
Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күнінің 10 жылдығына орай «Ұлттық сүйек кемігі донорларының тіркелімін" дамытуға қосқан үлесі үшін «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК- ның алғыс хаттарымен Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК директоры - Айгүл Бекенқызы Альжанова, донорлық кадрларды жинақтау бөлімінің терапевт дәрігері- Сәуле Құрманғалиқызы Тұрарова марапатталды.
Құрметті әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Марапатталған қызметкерлердің әрқайсысы Қан орталығының дамуына өз үлестерін қосып, қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарай отырып, жоғары моральдық жауапкершілікті, адалдық пен еңбекқорлықты көрсете біледі. Абай облысы ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК өз ұжымымен мақтанады!