2024 жылғы 8 қарашада Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің" Семей қаласының Nº2 өрт сөндіру бөлімшесінің ұйымдастыруымен өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты — жеке құрамның нысанның оперативті-тактикалық ерекшеліктерін зерттеу, өрт сөндіру тәсілдері мен әдістерін әзірлеу, өрт сөндіру бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктерін пайдалану принциптерін меңгеру және нысан персоналын өрт болған жағдайда әрекет етуге үйрету болып табылды.
Барлық қажетті іс-шаралар толық көлемде орындалды, өрт сөндіру тактикасы пысықталды. Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне атқарған жұмысы үшін және объектідегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген бейресми көзқарасы үшін алғыс білдіреді.
#Абайоблысыоблыстыққанорталығы
#өртқауіпсіздігі