«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Меню
  • Басты бет
  • Пресс-центр
  • Мақалалар мен сұхбаттар
  • 2024 жылғы 13 қарашада Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да жыл сайын 17 қарашада атап өтілетін Халықаралық студенттер күніне орай «Біз қан сыйлауға келдік» донорлық науқаны өтті.

2024 жылғы 13 қарашада Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да жыл сайын 17 қарашада атап өтілетін Халықаралық студенттер күніне орай «Біз қан сыйлауға келдік» донорлық науқаны өтті.

Бұл күні Семей медицина университетінің «Студент-донор» жастар қозғалысының жас жігіттері мен қыздары бірлік пен мейірімділікке толы көңіл-күймен Қан орталығының қызметкерлерінің жүрегін жылытты, ал қан қоры жаңа қан компоненттерімен толықты.
Бірнеше жыл бойы медицина университетінің студенттері тегін, өтеусіз донорлық қозғалыстың белсенді қатысушылары болып табылады, олар шынайы альтруизмнің үлгісі болып, болашақ дәрігерлер ретінде өздерін жақсы қырынан көрсетті.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК барша студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, донорлар қатарына қосылуға шақырады. Өйткені, адамдарға көмек көрсету — бұл өте қуанышты іс! Науқан күні өз қанының бір бөлігін адам өмірін құтқару үшін сыйлаған әрбір студентке рақмет. Біз сіздерге әрдайым қуаныштымыз! Денсаулықтарыңыз мықты болып, бақытты да табысты болыңыздар! Біз қазірден бастап сіздермен мақтанамыз, болашақ әріптестеріміз, біздің бағалы донорларымыз!

 

 

 

 

 

Өмірді сақта - қан доноры бол

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы, Абай облысы,
Семей қ., Сеченов көш., 4/3

Директордың қабылдауы:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Пациенттерді (донорларды) қолдау және ішкі сараптама қызметі:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика