Қазақстан Республикасының Жол полициясы күніне орай, 2024 жылғы 15 қарашада Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК -да "Қан тапсыр – біреудің өмірін сақтап қал" атты ұранмен донорлық науқан ұйымдастырылды.
Науқанға "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының Полиция департаменті Семей қаласының Полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Әрбір жол полициясының инспекторы күн сайын көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қиын да жауапты жұмыс атқарады. Жол полициясы қызметкерлері батыр болуға әбден үйренген. Ал бүгін олар тағы да бір ерлік жасап, қан доноры болды.
Абай облысы ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК әрбір донорлық науқанға қатысқан қызметкерге ізгі жүректері мен қайырымдылықтары үшін шын жүректен алғыс білдіреді! Барша жол полициясы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздердің асыл еңбектеріңіз бақыт пен қанағат сыйласын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік және барлық жақсылықтар тілейміз!
#Абайоблысықанорталығы
#донорлықнауқан