Донор болу тек құрмет қана емес, сонымен қатар денсаулық үшін өте пайдалы!
Мекен-жайы: Абай обл., Семей қ, Сеченова, 4/3 к.

Жаднама

 «Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі шаралар туралы»

Ұсынымдар

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.

Денсаулық сақтау объектілерінде темекі шегуге және алкоголь өнімдерін қолдануға қатаң тыйым салынғанын естеріңізге саламыз.

Электр желісін шамадан тыс қолданбаңыз  және қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, тек ақаусыз электр құралдарын пайдаланыңыз.

Электр жылыту құралдарының (электр плиталары, үтіктер, шәйнектер) астына жанбайтын және жылу өткізбейтін тіреуіштерді орнатыңыз.

Розеткаларда, ажыратқыштарда, шамдарда ақаулықтар анықталған жағдайда оларды дереу токтан ажыратып, ақауларды жою үшін шаралар қолданыңыз.

Есіңізде болсын, электр желісіне көп қуатты бірнеше электр аспаптарын бір уақытта қосу оның шамадан  тыс жүктелуіне алып келеді және өрттің себебі болуы мүмкін.

Эвакуация жолдарында нәрселер  мен заттарды  орнатпаңыз.

Аэрозоль баллондарын ашық оттың жанында қолданбаңыз.

Ашық отты қолданбаңыз.

Үй-жайда қатты газ иісі бар болса, жарықты қоспаңыз және өшірмеңіз.

Мекемеде өрт шыққан жағдайда, міндетті түрде алдын алу:

Өрт шыққан жағдайда дереу өртке қарсы қызметті 101  немесе 112 номеры бойынша шақырыңыз.

Дереу бөлмеден шығып  кетіңіз.

Өртті сөндіру бойынша дербес шаралар қолданбаңыз – жіберілген уақыт оның таралуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Келген жеке құраммен жұқтыруды болдырмау үшін қажетті шараларды сақтау туралы нұсқаулықты өткізу және   өрт сөндіру бөлімшелерімен  мекеме қызметкерлерінің  кездесу тәртібі  белгіленсін.

Карантиндегі адамдарды, емделуде жүрген басқа адамдарды эвакуациялау тәртібі және қай қызметкермен эвакуациялау керектігі туралы тәртібі белгіленсін;

Эвакуацияланған адамдарды (карантиндегі адамдарды қоса алғанда) орналастыру үшін орындар белгіленсін.

E-mail:
kgkpcks@med.mail.kz

Абай облысы, Семей каласы,
Сеченова, 4/3 көшесі
© © 2024 «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Яндекс.Метрика