КГП на ПХВ «Областной центр крови» управления здравоохранения области Абай

Меню

Национальные ценности

Асыл мұра.

Мақал - мәтелдер

Нақыл сөздер

Әдет – ғұрып

Абайдың қара сөздері

Қазақ халқының күйлері

«Адай» күйі

«Ерке сылқым» күйі

«Бозінген» күйі

«Балбырауын» күйі

«Торы аттың кекілі қақпайды» күйі

Қазақ билері

Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:

Төле би (1663—1759 жж.)

Қазыбек би (1667—1764 жж.)

Әйтеке би (1644—1700 жж.)

Қазақ халқының бұл билері елі үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.

Жеті қазына

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

  • ер жігіт;
  • сұлу әйел;
  • құмай тазы;
  • берен мылтық;
  • жүйрік ат;
  • ақыл-білім;
  • қыран бүркіт.

Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаһарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында.

 “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:

1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;

2) денсаулық, яғни дененің саулығы;

3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;

4) бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы;

5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;

6) жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”;

7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.

 

Үш бәйтерек 

Қазақ халқымыздың ұлттық тілін дамытуға, құрметтеуге уйрете білген, менмін деген жазушылар көп. Солардың ішіне Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров жатады.

1894-1938 жылдар аралығында өмір сүрген осы жазушыларымызды біз қазақтың үш бәйтерегі деп атадық. Бәйтерек деген тек биіктен көрінетін, қай жерде тұрса сол жердің символы болып тұратын құнды зат . Осы сияқты, біздің үш бәйтерегімізде қай жерде жүрсе де қазақ халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп жүретін ұлы тұлғалар лесек қателеспейміз.

Қазақ халқы үш бәйтерек деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин қазақ халқының даму жолына қосар үлесі көп демесек аз емес. Қорытындылай келсек, осы үш бәйтерегіміздің арқасында халықтың ащы шындыгын ,елімізде не болып, не қойып жатқанын білдік десемде қателеспеймі.


Бес арыс

Біздің елімізде біршама ақын , жазушылар бар. Соның ішінде халықтың есінде мәңгі сақталған жазушыларымыз: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіппек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов болды. Себебі оларды алаштың "бес арысы" деп атады.

Алғашында "Алаш автономиясын" құруда өз үлесін қосқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаевтардың қосқан еңбектері көп болды. Ендігі кезекті біз осы алаштың бес арысы туралы білеміз және мәңгі есімізде қалады. XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық өзгерістерді бастан кешті. Соның бірі мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның бәрін жұрттың санасына демократиялық ойларды сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Оларды халық "бес арыс" деп атады.

Спаси жизнь - стань донором крови!

Задать вопрос

Республика Казахстан, область Абай,
г. Семей, ул. Сеченова, 4/3

Приемная директора:
+7 (7222) 42-37-65
kgkpcks@med.mail.kz

Служба поддержки пациентов (доноров) и внутреннего контроля:
8 776 435 17 73
Яндекс.Метрика